Негізгі / Жаңалықтар / Нұротандықтар көктем мерекесімен құттықтау шараларын жалғастырды

Нұротандықтар көктем мерекесімен құттықтау шараларын жалғастырды

Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды көктем мерекелерімен құттықтау шаралары жалғасын тапты. Ұзынағаш кентінде «Нұр Отан» партиясының өкілдері көмекке мұқтаж жүздеген жанға арнайы дастархан жайды. Сый-сияпат көрсетеліп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Мұндай шараларды партия өкілдері «Бақытты отбасы - бақытты бабалық шақ», «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында өткізді. 

Алматы облысы Жамбыл ауданында 100 жастан асқан 2 қарт ана өмір сүреді. Ұйымдастырушылар олардың үйлеріне арнайы барды. Биыл 102 жасқа келген Жамал Садықова Қырғызстанда дүниеге келгенімен, саналы ғұмырын аудандағы Беріктас ауылында еңбекпен өткізген. Қария 10 баласынан 39 немере, 28 шөбере, 9 шөпшек сүйіп отыр.

Жамал Садықова, Алматы облысының тұрғыны:

Жұмыс істеген жерге баланы отырғызып қойып, көрген күніміз сол болды. Соғыс болды, соғыстан соң ептеп-ептеп баларымызды өсірдік. 1961 жылы осы жаққа көшіп келдік.

Жұмабек Шажабаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл көктемнің алғашқы мерекесінде аналарға көрсетіліп жатқан ерекше құрмет деп есептейміз. Осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болып жатқан азаматтарға, облыстық мәслихат депутаттары, "Нұр Отан" партиясының фракция мүшелері мен аудандық филиал азаматтары бірігіп, осы шараны өткізіп отырмыз.