$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Қарағанды облысында табиғи өрт басылмай тұр

11.09.2026ж. 19:00
Қарағанды облысында табиғи өрт басылмай тұр

Қарағанды облысында  табиғи өрт басылмай тұр. Қазіргі уақытта Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында 5 табиғи өрт ошағын сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Төтеншеліктердің  хабарлауынша, даладағы құрғақ шөп алқаптары тұтанған. Дегенмен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өткен тәулікте 8 табиғи өрт ошағы жойылды. Тілсіз жау Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласында барлығы 200 гектар аумақты қамтыған. Өртті сөндіруге 400-ден астам маман мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Аптап ыстық пен екпінді жел жағдайды ушықтырып тұр.