Қазақстандықтардың басым бөлігі мемлекеттік институттарға сенім білдіреді. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша ел Президентіне деген сенім деңгейі шамамен 87 пайызға жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға жоғары. Респонденттердің 65 пайыздан астамы Мемлекет басшысының тапсырмалары туралы ақпаратты тұрақты бақылап отырады. Сондай-ақ халық тарапынан бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор - балаларға» жобасы ең көп қолдау тапқан. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан 2 400 азамат қатысты.