Түркістан облысында Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде жүргізілуде. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 920,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға ұлғайды. Оның ішінде мақта алқабы 173,6 мың гектар. Соның 35,5 мың гектардан астамы Мақтаарал ауданына тиесілі. Ақ алтынның отанында дәл қазір мақта терімі қызу жүріп жатыр. Болжам бойынша облыста 555,6 мың тонна ақ алтын жинау жоспарлануда. Мақтатарл мен Жетісай ауданында қазірдің өзінде алғашқы өнімдер қабылданып, жиын-терім жұмыстары күн сайын қарқын алып келеді. Өнімділік те жоғары. Көктемде 20 гектар алқапқа мақтаның қытайлық сортын еккен шаруашылықтардың бірі гектарына 40 центнерден өнім алуда. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмек өз нәтижесін беруде дейді шаруа.
СИЕЗБЕК ҮМБЕТОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздерде техника барлығы жеткілікті. Комбайндар бар. 13-14 техника тасымалдайды зауытқа қарай. Бұрынғыдай ауылда үлкен-кіші мектеп оқушылары теру деген жоқ қазір. Бәрі жеткілікті техниканың бәрі. Біздерде шит, азот селитра барлығы жеткілікті. Одан кейін су, ағын су екі реттен су ішкен жерлер мынаның бәрі. Жаман емес. Сол су басшыларына көп-көп рақмет.