Ал Екібастұзда 6 жастағы бала көлік астына түсіп мерт болды. Оқыс оқиға Әуезов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Аулада велосипедпен жүрген баланы көлік қағып кеткен. Ауыр жарақаттанған жеткіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
ҚАНАТ КӘРІМЖАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталынып, полиция бөліміне жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.