$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Жезқазғанда көлік апатына ұшыраған жасөспірімдердің бірі машинаны жездесінен алған

23.09.2026ж. 19:00
Жезқазғанда көлік апатына ұшыраған жасөспірімдердің бірі машинаны жездесінен алған

Жезқазғанда жол апатынан жасөспірім қаза тапты. Тағы екі бала ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары орташа. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың бірі көлікті жездесінен алған көрінеді.  13, 17 және екі 16 жастағы төрт жасөспірім BMW көлігіне мініп апатқа ұшыраған.  Жүргізуші көлікті басқара алмай, электр бағанына соғылған. 13 жастағы бала көлік салонында қысылып қалған. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен шығарып алғанымен, жарақаты ауыр болғандықтан сол жерде көз жұмды. Жезқазған қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір   оқиғаның мән- жайы анықталып жатыр.