$445.65 €508.71 ₽5.3
×

Жансақтау бөлімінде жатыр: Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккен жолаушының жағдайы ауыр

Жансақтау бөлімінде жатыр: Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккен жолаушының жағдайы ауыр

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам зардап шекті. Қазір жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Полицияның алдын ала мәліметінше, жол талғамайтын "Lihiang" автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып "ВАЗ-2114" автокөлігімен соқтығысқан.  Қаза тапқан екеудің бірі «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі, екіншісі көлікте болған жолаушы. Үшінші адам да сол көлікте болған. Осы апаттан тағы бір көлікке зақым келген. Қазір бұл жағдайға қатысты  қылмыстық іс қозғалды.

ГҮЛНӘР ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

"Lihiang" жүргізушісі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.