Астанада ер адам бұрынғы әйелін өртеп жіберемін деп қорқытқан, деп хабарлайды Astana TV.
Ер адам экс-сүйіктісінің жұмыс орнына бензин құйылған бөтелкемен келген. Сот үкімімен енді ол 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Мінез-құлқына бірқатар ерекше талап белгіленді.
«Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді», – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.