Қызылорда облысы Шиелі ауданында болған ауыр жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Astana TV.
Науқастың жағдайы ауыр. Оған шұғыл түрде мамандандырылған көмек көрсету қажеттілігіне байланысты ол облыс орталығына жеткізілді. ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы бортында тәжірибелі экипаж пен дәрігерлер бригадасы жұмыс істеді. Медициналық бақылаумен жүзеге асырылған ұшу барысында жасөспірімге қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.
Қазіргі таңда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.