$445.65 €508.71 ₽5.3
×

Жамбылда жол апатынан 4 адам қаза тапты

AstanaTV
24.09.2026ж. 19:00
Жамбылда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Жамбылда жол апатынан 4 адам қаза тапты. Шетелдік көлік мінген келіншек қарсы бетке шығып, жигули маркалы темір тұлпарды таптап өткен. Екі көліктің де сау тамтығы қалмаған. Сұмдық соқтығыстан жигулі жүргізушісі мен Танк 500 атты көлік ішіндегі үш жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал екінші жүргізуші  ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілген, жансақтау бөлімінде жатыр. 

АНЕЛЯ МУХАЕВА МЕРКІ, АУДАНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Науқас Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының травматолгия бөлімшесіне ауыр түрде түскен. Тиісті емнен соң бүгінгі жағдайы орташа дәрежеде. Барлық тиісті мед ем түрлері жасалуда.

ӘСЕТ ОСПАНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс Жамбыл облысы Полиция департаментінің өндірісіне берілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.