$441.89 €502.56 ₽5.19
×

Спортқа арналған жаңа AI платформа іске қосылды

AstanaTV
24.09.2026ж. 19:00
Спортқа арналған жаңа AI платформа іске қосылды

Жасанды интеллект спорттағы жеке жаттықтырушының қызметін атқара алады. Елордада жаттығуды бақылап, қимыл-қозғалысты талдайтын жаңа AI SPORT платформасы таныстырылды. Жасанды интеллект адамның жаттығуын танып, қайталау санын есептеп, орындалу техникасын бағалайды. Ал технология смартфон камерасы арқылы жұмыс істейді. Жоба негізін қалаушылар Қазақ ұлттық спорт университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді студенттер платформаны оқу-жаттығу барысында пайдаланып, өз нәтижелерін бақылай алады. Жоба бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Платформа қазір барлық негізгі цифрлық платформаларда тегін қолжетімді.

ҒАБИТ САЛТЫБАЕВ, AI SPORT ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Әр салада 57 упражнениені оқушылар жасай алады. Өздері қалаған кездерінде. Спорт сіздің қалтаңызда болады. ЖИ телефонның камерасы болады. Сол арқылы ЖИ әр адамның іс-қимылдарын көреді. Сол арқылы турнир, челлендж форматта өткізе алады.