Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде суретші Бәтима Заурбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» атты көрме ашылды. Экспозицияға суретшінің 80-нен астам туындысы қойылған. Олардың қатарында гобелен, кескіндеме және графика жұмыстары, сондай-ақ мұрағаттық фотосуреттер мен бейнематериалдар бар. Қазақстандағы кәсіби гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі Батима Заурбекованың бұл еңбектері суретшінің шығармашылық жолын ғана емес, ұлттық өнердің дәстүр сабақтастығын да көрсетеді.
ГҮЛӘЙІМ ЖҰМАБЕКОВА, ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жалпы біздің музейде ол кісінің 17-ден аса жұмыстары бар. Осылардың барлығы қойылды және архивтен алынған жұмыстары да бар. Басқа музейден алынған жұмыстары қойылды. Бәтима Заурбекова қазақ гобелен мектебінің қалыптасуына және оның дамуына өте үлкен үлес қосқан белгілі суретші.