$441.88 €503.61 ₽5.24
×

Стоматологиялық емнен кейін беті қисайып кетті

AstanaTV
25.09.2026ж. 19:00
Стоматологиялық емнен кейін беті қисайып кетті

Тісін емдетемін деп жағы қисайып кетті. Ақтөбелік Гүлжанат Құлмурзина екі айдан бері жеке стоматологияға жұмсаған қаржысын өндіре алмай жүр. Айтуынша, ем барысында тіс дәрігерінің салғырттығынан химиялық күйік алып, денсаулығына зиян келген. 37 жастағы әйел стоматологқа ЭКО бағдарламасына дайындалу мақсатында барған. Стоматолог ем кезінде ауыз қуысына байқамай ащы сұйық құйып, күйдіргенін айтады. Кешкілік ауруханадан бір-ақ шыққан. Қазір Гүлжайнат беті ассиметрия,  маскасыз көшеге шығуға қысылады. Тіс емінен кейін «бет және үшкіл жүйке нейропатиясы диагнозы» қойылған.  Енді бетін қалпына келтіру үшін екі операция жасалу қажет.

ГҮЛЖАЙНАТ ҚҰЛМУРЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен қазіргі жағдайда қиналып жүрмін, басым 24 сағат ауырады, басым , мына бетім ауырады, дәріні ішпесем дірілдеймін, мен білмеймін енді қалай бұл жағдай болатынын ары қарата. Қаншама операция керек. Мен қанша жұмсадым осы уақытқа дейін, қанша денсаулығым орнына келмейінше бүкілін, бәрін өндіруді сұраймын.

Науқас стоматологияға жұмсаған қаржысымен қоса еміне қажетті шығынды да өндіріп алмақ. Құзырлы органдарға арыз жазыпты. Осы іс бойынша тексеріс басталды. Айта кетейік, Ақтөбеде медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне түсетін арыздардың 20 пайызы тіс емханаларына қатысты.

ӘЛИЯ ЛАТЫПОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тәуелсіз сарапшының қатысуымен жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде. Нәтижесі тексеріс аяқталғаннан кейін шығады. Өтінішті қарастыру барысы өтініш берушіге түсіндірілді.