Алматыда өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған төрт адам қару қолданып, мегаполис
тұрғынынан 3 миллион теңге бопсалады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер жәбірленушіні тапаншамен қорқытып, көлікке күштеп отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Сол жерде туысына қоңырау шалдыртып, көрсетілген есепшотқа ақша аудартқан. Бұған дейін сотталған күдіктілердің біреуі адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Қазір төртеуі де қамауда. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған полицейлердің қорқытуына ермей, дереу полицияға хабарлауға шақырды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Барлығы уақытша ұсту изоляторына қамалды. Тінту барысында 2 мылтық, карабин, газ тапаншасы және оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда.