Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«УзАвто-Азия» ЖШС: Оралда қаңтарылып тұрған жүздеген жаңа автокөлікті сатуға кедергі жоқ

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1337
«УзАвто-Азия» ЖШС: Оралда қаңтарылып тұрған жүздеген жаңа автокөлікті сатуға кедергі жоқ

«Автотұрақта қаңтарылған жүздеген Daewoo көлігі Қазақстанда тіркеуге алынбайды» деген ақпар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы «УзАвто-Азия» компаниясының өкілі айтты. Мәселе Оралда ашық аспан астындағы қоймада тұрған өзбектер құрастырған жаңа көліктерге қатысты.

Бұған дейін бірқатар БАҚ «бұл көліктер 2014 жылдың шілдесінде енгізілген техникалық регламентке сәйкес келмейді» деп жазған еді. Алайда, бұл қауесетті «УзАвто-Азия» компаниясының өкілі Павел Зивин біздің арнаға телефон арқылы берген сұхбатында жоққа шығарды. Айтуынша, екі мыңнан аса көлік Қазақстан аумағына талаптар күшіне енгенге дейін кіргізілген. Олар үшін кедендік алым алынып, БАЖ салығы төленіпті. Демек, бұл көліктерді сатуға ешқандай кедергі жоқ, - деді Зивин. Бүгінде 2 жарым мың көліктің 500-і өткен. 

Павел Зивин, «УзАвто-Азия» ЖШС маркетинг және даму бөлімінің бастығы:

Бұл талап тек жаңадан жеткізілген көліктерге қойылады. Яғни Қазақстанға сырттан көлікті қазір әкелсеңіз, ол Еуро-4 стандартына сай болуы шарт. Ал аталған көліктер бұған дейін әкелінген. Яғни бұл автомобильдер бұрынғыша есепке алына береді.

Самат ҚАНАҒАТОВ