Блогер Ерболат Жанәбілов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды AstanaTV.
Астана қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, әлеуметтік желіде Эльмира Төлегенованың жолдасымен болған жанжалға қатысты видеоүндеуі назарға түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тексеру нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталған.
Эльмира Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, Жанәбіловқа отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ блогер уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.
Полиция оның үстінен хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдаған.