$440.86 €500.77 ₽5.27

Астанада ертең жылу беріледі

01.10.2026ж. 16:00
Астанада ертең жылу беріледі
Фото: pixabay.com

Астанада биылғы жылыту маусымы 2 қазанда басталады, деп хабарлайды AstanaTV.

Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға беріледі. Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханалар бар.

«Астана-Теплотранзит» компаниясы жылыту маусымына дайын екенін мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сонымен қатар жөндеу және желілерді жаңғырту жұмыстары аяқталған.