Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Депутаттықтан үміткер коммунистер «Тұран» колледжінің оқытушыларымен кездесті

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1343
Депутаттықтан үміткер коммунистер «Тұран» колледжінің оқытушыларымен кездесті

Ал Мәжіліс депутаттығына үміткер коммунистер «Тұран» колледжінің оқытушыларымен кездесті. Кандидаттар ұстаздарға сайлауалды бағдарламаларының негізі бағыттарын жеткізді. Шараны Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының сайлауалды үгіт-насихат кампаниясы ұйымдастырды.

Профессорлық-оқытушылық құрам алдында партия белсенділері Айқын Қоңыров пен Галина Баймаханова бүгінгі білім берудің маңызды тұстарына тоқталды. Жан-жақты тұлға тәрбиелеп шығу педагогтің қолында екенін баса айтты. Белең алған батыс тәрбиесімен қатар қоғамда коммунистер қолдайтын құндылықтарды да дамыту қажеттігін айтты. Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын жеткізіп, тәрбиелік мазмұнына тоқталды. Кешенді білім беру заман талабы екенін оқытушыларға жеткізуді мақсат еткен республикалық штаб белсенділері колледж ұжымына алғыс білдірді.

Айқын Қоңыров, ҚКХП сайлауалды штабының жетекшісі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер:

Бүгінде батыстың жағымсыз идеялары жастардың санасын улап, тәрбиеге әсер етуде. Коммунистер балаларымызды батыстың жағымсыз идеяларынан сақтайтын уақыт туды деп санайды. Біз адамдарды құрметтейтін, зорлық пен пайдақорлыққа қарсылық танытатын тұлға тәрбилеуді мақсат тұтамыз. Бұл мәселеде педагогтар негізгі әрІ шешуші рөлге ие.

Галина Баймаханова, ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер:

Қазіргі коммунистік тәрбиенің негізі азаматтық патриотизмнен, ұжымдастырудан және интернационализмнен құралған. Мұндай тәрбие жеке мүддесі тұтас қоғамның мүддесімен үндесетін адамның жан-жақты дамуына қол жеткізуді көздейді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ