Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Ақ жол» партиясы өкілдері Алматыдағы автокөлік компаниясы қызметкерлерімен кездесті

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
2545
«Ақ жол» партиясы өкілдері Алматыдағы автокөлік компаниясы қызметкерлерімен кездесті

Табыс тауып, қазына қаржысын толықтырып, халықты жұмыспен қамтып отырғандарды мемлекет қолдауы тиіс. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Алматыдағы автокөлік компаниясы қызметкерлерімен кездесуінде айтты.

Сайлауалды үгіт-насихат тобының өкілдері халыққа бағдарламаларын түсіндіріп, сайлауда қолдауын сұрады. Ресей, Белоруссия және Кореядан көліктер мен қажетті саймандар жеткізетін компанияның тыныс-тіршілігімен танысып, елді дамытуға арналған реформаларға байланысты ойларын ортаға салды. Ақжолдықтар бағдарламада әрбір сайлаушы өзіне қажетті мәселенің шешімін көре алатынын қаперге салды. Алматыда партияның қалалық сайлауалды штабы да белсенді үгіт-насихат шараларын жүргізуде. Бірнеше мың насихат қағаздары таратылып, жүздеген плакат ілінген.

Нұрлан Жазылбеков, «Ақ жол» партиясы республикалық сайлауалды штабы мүшесі:

«Ақ жол» партиясының платформасына байланысты өзіміздің алға қойған мақсаттарымызды таныстырып, сайлаушылармен кездескенде таныстырдық. Әлеуметтік сұрақтар көп туындап жатыр, бүкіл Қазақстан мемлекет органдарының, басқа да партиялардың міндетті түрде істейтін жұмыстары деп ойлаймын.

Ерлан Ақжолов, «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық сайлауалды штабы басшысының орынбасары:

«Ақ жол» партиясы осы сайлау науқанына өз бағдарламасына 10 бағыт енгізген болатын. Он бағыттың ішінде мемлекеттің тұрақтылығы, экономиканың өркендеуі, коррупицямен күрес және тағы басқа жұмыстар белгіленген. Өзіміздің агитациялық материалдардың бәрін тиісті жерлерге іліп, волонтерларымыз жұмыс істеп жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА