$494.95 €525.49 ₽5.05
×

«Ауыл» партиясы флешмоб акциясын өткізді

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1791
«Ауыл» партиясы флешмоб акциясын өткізді

Астанадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ауыл шаттығы» атты флешмоб акциясы өтті. Іс-шараны «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырды.

Флешмобқа қатысқан домбырашылар қазақ күйлерін орындап, орталыққа келгендерді шаттыққа бөледі. Флешмобта Құрманғазының, Динаның, Тәттімбеттің және қазақтың басқа да әйгілі күйшілерінің туындылары тартылды.  Жүргізуші жиналған қауымды әр күйдің шығу тарихымен таныстырып отырды. Ал қала тұрғындары осындай іс-шаралар Елорданың басқа да сауда орындарында өтіп тұрса, жақсы болар еді, деген тілектерін білдірді. Ауылдықтар ұлттық игіліктерді сақтап қалуды өздерінің басты міндеті санайды. «Сондықтан жаһандану уақытында ұлттық салт-дәстүрлерімізді кеңінен насихаттау керек»,- дейді. Олардың пікірінше, дәстүрлі құндылықтар - Қазақстан қоғамының тұрақты рухани дамуының қайнар көзі болып саналады.

Бақтияр Пернебеков, Астана қаласының тұрғыны:

Келген кезде жүрегім тартып, сол күйді тыңдағым келе берді. Тыңдағаннан кейін қарасам, жастар да тыңдап жатыр. Мынау осындай флешмобты өткізгеніне біздің қаламызда өте қуаныштымын. Неге десеңіз, жастар осы қазақтардың әндері мен күйін тыңдауға тиісті.

Елдос Абақан, «Ауыл» ХДПП мүшесі:

Бүгінгі өткізіп жатқан іс-шараның негізгі мақсаты - ол халық арасындағы ұлттық құндылықтарды насихаттау. Менің ойымша, домбырамен ойнағанда, қара жорға билегенде, әр адамның ішінде, әр адамның жүрегінде ұлтқа деген, еліне деген, халыққа деген патриоттық сезімдер туындайды.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА