Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қазақстан ғарыш сапары» жекешелендіру тізімінен алынуы тиіс - Т. Мұсабаев

AstanaTV
29.03.2018ж. 20:00
2682
«Қазақстан ғарыш сапары» жекешелендіру тізімінен алынуы тиіс - Т. Мұсабаев

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясын жекешелендіру халықаралық міндеттемелердің бұзылуына және АҚШ пен Еуроодақ тарапының санкциясына да енуі мүмкін. Сенаттың пленарлық отырысында депутат Талғат Мұсабаев осындай пікір білдірді. Депутаттық сауал премьер-министрге жолданды. Ғарышкердің айтуынша, компания активі 100 миллиард теңгеден асады. Қазақстанда мұндай инвестор жоқ. Демек, оны жекешелендіруге шетелдік инвестор тартылмақ. Сенатор ғарыштық аппаратты жинап-сынау кешені мен Жерді қашықтықтан тексеру ғарыштық жүйесі жобалары осы компанияға тиесілі екенін ескертті. Сондықтан оны сату үшін Үкімет Франция билігінен қос нысанның үшінші тарапқа берілетіні туралы жазбаша келісім алуы тиіс көрінеді.

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

"Қазақстан ғарыш сапары" ҰК АҚ жекешелендіру Қазақстан тарапының халықаралық міндеттемелерді бұзуына және АҚШ пен Еуропалық одақ тарапының санкция енгізуіне әкелуі мүмкін. Оны жекеге беру министрлік пен ведомстволардың ақпараттарға қолжетімділігін шектейді. Ол экономика салаларындағы мемлекеттік реттеу, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс деңгейі, төтенше жағдайлар мен олардың алдын алуда азаматтық қорғаныс күшінің дайындығына кері әсер етеді. Сондықтан "Қазақстан ғарыш сапарын" жекешелендірілетін кәсіпорындар тізімінен шығарған жөн.