Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сәуір айынан бастап астаналық 15 мың тұрғын су ақысын екі есе көп төлейді

AstanaTV
29.03.2018ж. 20:00
2144
Сәуір айынан  бастап астаналық 15 мың тұрғын су ақысын екі есе көп төлейді

Астанада жеке секторда тұратын 15 мың тұрғын су ақысын екі есе көп төлейді. Бұл туралы бүгін "Астана су арнасының" ресми өкілі хабарлады.  Олардың сөзінше, бұл тек есептегіш құрал орнатпаған абоненттерге қатысты. Жеке сектор тұрғындары осыған дейін жан басына шаққанда шамамен 800 теңге төлеп келсе, енді ол 1500 теңгеге дейін қымбаттайды. Өткен жылы Астана тұрғындарының 60% есептегіш құрал орнатса, биыл ол 73% құраған. Осы атқарылып отырған шаралардың мақсаты - есептегіш құралға көшуді 100%-ға жеткізу, - дейді мамандар. Ал су арнасы қызметкерлерінің айтуынша, құралдың құны 6-8 мың теңге аралығында тұрады. 

Ержан Шарипов, «Астана су арнасы» МКК техникалық даму бөлімінің басшысы:

Табиғи монополиямен келісілді, әкімдікте келіскен осы жұмыстарды жүргізуге. Алдында олар 700-800 теңге төлесе, енді оларға 1500-дай шығайын деп тұр. Сол себепті олар келіп, су құбырына есептегіш құрал қойып, келер айдан бастап есептегіш құрал арқылы төлейтін болады.