$448.94 €502.05 ₽5.26

СҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды

09.10.2026ж. 09:04
СҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: КазАвтоЖол

Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Astana TV.

 2026 жылғы 9 қазан сағат 07:00-де көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты республикалық маңызы бар KAZ 13 «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 875-шақырымында (Покровка көпірі ауданында) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген ҚазАвтоЖол таратқан хабарламада.