Теміртау қаласында туған ата- анасын өлтірді деген күдікпен олардың 20 жастағы ұлы қамауға алынды. Жағаұстатарлық оқиға көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған. 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапқан. «Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жедел іздестіру ісшаралары барасында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушілердің 20 жастағы ұлы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.