$453.93 €508.72 ₽5.35

Астанада үш тұрғын адам ұрлаған

AstanaTV
09.10.2026ж. 19:00
Астанада үш тұрғын адам ұрлаған

Елордалық үш тұрғын Telegram арқылы жалған аккаунттар ашып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырған. Оларды қала сыртына күштеп апарып, ұрып-соғып, бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, жалпы 2,2 миллион теңге бопсалаған. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлесе, екіншісінің автокөлігін иемденіп алған. Сот үкімімен үшеуі де 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің шығынды өтеу туралы талаптары қанағаттандырылған.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:

Елорда прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танысу кезінде сақтық танытуға шақырады, сондай-ақ адам ұрлау және ауырлататын мән-жайларда жасалған бопсалау қылмыстары үшін мүлікті тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.