$448.94 €502.05 ₽5.26

Астаналықтарға 86 500 теңгеге дейін қаржылай көмек беріледі

09.10.2026ж. 16:38
Астаналықтарға 86 500 теңгеге дейін қаржылай көмек беріледі
фото: gov.kz

Астанада мүгедектер күніне орай біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі, деп хабарлайды Astana TV.

Төлем мөлшерін мәслихат бекіткен. 

I топ – 86 500 теңге (20 АЕК);

II топ және мүгедектігі бар балалар – 43 250 теңге (10 АЕК);

III топ – 21 625 теңге (5 АЕК).

Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тағайындалады.

Егер тұрғын 2026 жылы басқа негіз бойынша біржолғы әлеуметтік көмек алған болса, оған бұл төлем қайта берілмейді.