$451.05 €504.95 ₽5.6

Ұлттық банк «AQYQ» коллекциялық монетасын айналымға шығарады

AstanaTV
27.10.2026ж. 19:00
Ұлттық банк «AQYQ» коллекциялық монетасын айналымға шығарады

Ұлттық банк «Сиқырлы нышандар» сериясынан асыл тасты «Ақық» коллекциялық монетасын айналымға шығарады. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ақық тасы қондырылған. Ол зергерлік бұйымдар мен сәндік заттарда қолданылады. Монетаның көркемдік безендірілуінен қазақ зергер өнерінің қолтаңбасы айқын көрінеді. Жоғарғы бөлігінде алқа бауын тағуға мүмкіндік беретін арнайы баулық қарастырылған. Ұлттық банк хабарлауынша, монетаның номиналы 1000 теңге, 5000 данамен таралады. Жуырда интернет-дүкенде сатылымға шықпақ.