Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі британдық БАҚ-тың Скрипаль ісі бойынша ақпаратын сынады

AstanaTV
06.04.2018ж. 20:00
2500
Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі британдық БАҚ-тың Скрипаль ісі бойынша ақпаратын сынады

Британдық БАҚ-тың Скрипаль ісі бойынша ақпараты «ақылға қонымсыз сандырақ». Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя осылай деп мәлімдеді.  Қауіпсіздік Кеңесінің  жиынында сөз сөйлеген дипломат "оны уландырған ресейлік зат" деген хабарлама Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің сайтынан өшірілген деді. Алайда БАҚ беттерінде осыдан соң тағы  мақала жарияланды. Сенімді ақпарат көзіне сүйенген The Times басылымы белгісіз зат Ресейдің Саратов облысында жасалғанын жазған. Ал Daily mail Солсберидегі қастандық алдында жүйкені жансыздандыратын әдіс қолданылғанын жазды.

Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-ғы тұрақты өкілі:

Біз "ойыннан от шығатынын" британдық әріптестерімізге ескерткенбіз. Өйткені ешбір дәлелсіз айыптау, сонан соң кәсіби әңгімеге көшу - бұл мүлде ақылға сиымсыз. Мән-мағынасы жоқ қойылым іспетті.

Бұл кезде Скрипальдың қызы Юлия өз-өзіне келіп, мәлімдеме жасап үлгерді. Солсбери тұрғындары мен аурухана қызметкерлеріне алғыс айтты. Алайда әкесі екеуінің қазіргі хал-жағдайын нақтыламады. Еске салайық, осыдан бір ай бұрын экс-тыңшы Скрипаль мен қызы британияның Солсбери аумағында белгісіз заттан уланған. Ресми Лондон бұған Мәскеуді айыптап, Ресейдің 23 дипломатын ел аумағынан шығарған. Мұнан соң  тағы 25 мемлекет 140-тан астам ресейлік дипломатты кері аттандырды.