$455.63 €507.89 ₽5.65

Еліміздің барлық аймағында құрылыс қарқын алады

Еліміздің барлық аймағында құрылыс қарқын алады

Құрылыс қарқынды жүріп жатқан өңірдің бірі - Қызылорда. 63 жоба жүзе асуда. 206 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Мемлекет басшысының "Халықтық құрылысы" жобасы бұл жұмыстарды одан әрі жандандыра түспек. 

Қызылордада құрылыс саласы серпінді даму жолында. Аз уақыттың ішінде қаланың сол жақ бөлігі бой көтеріп, шаһар адам танымастай өзгерді. Соңғы 4 жылда 335 әлеуметтік нысан және 1016 тұрғын үй пайдалануға берілген.  Оның ішінде, емхана, аурухана, театр, спорт кешендері салынуда. Бұл аймақ экономикасының өркендеуімен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға сеп болады дейді мамандар.
 
АЙДЫН ӘНУАР, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Экономикамыздың ең үлкен драйверінің бірі болып саналады құрылыс саласы. Себебі жұмыспен қамтып отырмыз уақытша. Алдағы уақытта осы жобалар аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындары ашылып, септіктерін тигізетін жобалардың бірі. Құрылыс саласы 9 айдың қорытындысымен ана жылмен, 2025 жылмен салыстырғанда 131 пайызға артып отыр. Өз кезегінде 289 млрд теңгені құрап отыр. 

«Жалпы еліміздің барлық аймағы құрылыс алаңына айналуы тиіс. Сонымен қатар, азаматтар толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек.  Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты. Ал әр нысанды жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін егжей-тегжей анықтау жұмысын тез арада толығымен бітіру керек». Мемлекет басшысы осындай маңызды міндеттерді қадап айтты. Халықтың көкейіндегі ой да осы. 

БЛИЦ: 

-    Құрылыстың біздің елге қажетті инфрақұрылымдарға бағытталуы өте маңызды. Қаржы болсын жұмсалатын, жалпы бағыттардың барлығы, қажетті ғимараттарды зерттеп, саралап, қандай ауданға, қандпай елді мекенге қандай құрылыс қажет екенін нақтылап салса өте нұр үстіне нұр болар еді. 
-    Құрылыс саласы тек экономикалық жағынан ғана емес халықтың тұрмыстық жағдайын және инфрақұрылымның дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Жас мамандарға үлкен жол ашатын бастама деп ойлаймын. 

«Алдағы атқарылар жұмыс ел игілігін арттыруға арналады» деді ел Президенті. Сондықтан да үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» атауын берді. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болатынын сеніммен жеткізді.