Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Оңтүстік Қазақстанда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 70%-дан сәл-ақ асады

AstanaTV
23.02.2016ж. 20:00
2031
Оңтүстік Қазақстанда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 70%-дан сәл-ақ асады

Оңтүстік Қазақстанда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 70%-дан сәл-ақ асады. Мұндай деректі өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында келтірді. Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, тіршілік нәрінің жетіспеушілігі жер асты суларының қысымы төмендеуімен байланысты. Әкім қазіргі таңда мамандар қосымша барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

300-дей елді мекеннің сумен қамтамасыз етілуін қадағалаймыз. Алайда қысым төмендеп кеткен. Осыған орай біраз қиыншылықтар туындап отыр. Қысымды көтеру үшін қосымша барлау жұмыстарын жүргізудеміз.

Сондай-ақ әкім өңірде 1800 гектарды алып жатқан жаңғақ бағы пайда болатынын айтты. Ірі  инвестициялық жоба биыл Қазығұрт ауданында салынады. Қазақстанда алғаш рет салынатын бақ Орта Азия елдеріндегі көлемі жағынан ең ірісі болмақ. Сондай-ақ алма ағаштарын отырғызу да оң жолға қойылған. Жалпы облыс бойынша алма бағы 4 мың гектардан асады. Жақында Түлкібас ауданында 1 млн түп алма көшеттері отырғызылды. "Тағы 1200 гектар жерге алма ағаштарын егу жоспарда бар", - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА