$452.91 €509.43 ₽5.53

Қорғаныс министрлігіне қатысты 37 іс тергелуде

Қорғаныс министрлігіне қатысты 37 іс тергелуде

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында 14 сарбаздың қаза табуына байланысты тергеу ісі аяқталуға жақын. Коммиссия аралық қорытындыны жариялады. Тергеу барысында қызметіне салғырт қарап, кеме жүргізу ережелерін бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынған.  Олардың арасында Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны бар. Сондай-ақ, 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілген.  Анықталған жекелеген құқық бұзу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне байланысты бұл істер жөніндегі мәліметтер әзірге жария етілмейді.