Кейбір азаматтың банк шоттарына шектеу қойылды. Бұған салық органдарының хабарламасына уақытында жауап бермеу себеп. Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір азаматтардың ақша айналымы декларациядағы мәліметтермен сәйкес келмегенін хабарлады. Айырмашылықтар банктер ұсынған деректер мен мобильді аударымдарға жүргізілген камералдық бақылау кезінде анықталған. Алайда шоттар бірден бұғатталмайды. Алдымен азаматқа хабарлама жіберіліп, жауап беру үшін 45 күн беріледі. Осы мерзімде түсініктеме болмаса, шығыс операциялары тоқтатылады. Шектеуді алып тастау үшін декларациядағы мәліметтерді нақтылау қажет. Мұны онлайн жасауға болады. Хабарлама салық төлеушінің жеке кабинетіне жолданады.
ЗАҢҒАР ШЫНДАЛИ, ҚР МКК ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қыркүйек айында біз салық төлеушілерге алдын ала ескерткен болатынбыз. Банктің POS-терминалдары қабылданған және мобильді аударымдар арқылы қабылданған соманы салықтық есептікпен салыстырып, 2025 жылдың екінші жарты жылдығынан табылған айырмашылық бойынша хабарлама жіберілген болатын.