Иордан Хашимит Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан арнайы барып, күтіп алды. Ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Салтанатты қарсы алу рәсімі ары қарай Ақордада жалғасты. Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбірете ұшып өтті. Протокалға сай тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.