$447.14 €499.54 ₽5.46

«Әділет» жастары қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 100-ден астам заңбұзушылықты анықтады

AstanaTV
06.11.2026ж. 19:00
«Әділет» жастары қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 100-ден астам заңбұзушылықты анықтады

«Әділет» жастары қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 100-ден астам заңбұзушылықты анықтады. Оралдық белсенділер тұрғын үйлердің маңы мен жол бойларын аралап шықты. Әсіресе ашық қалған құдықтар мен жылу желілеріне баса назар аударды. Себебі, ашық жатқан құдық балалар үшін ерекше қауіп төндіреді. Олардың кейбірінің тереңдігі адам бойынан асады. Тексеріс кезінде белсенділер онға жуық ашық кәріз жолдарын анықтады. Барлық мекенжай тиісті қызметтерге жолданып, олқылықты шұғыл жою талап етілді. 

ШҰҒЫЛА НҰРМҰХАНОВА, ЕРІКТІ:

Ашық люктер туралы учаскелік полиция қызметкерлері және 109 АІ көмек қызметіне хабарласып ашық жатқан люктердің бар екенін хабарладық және тез шара қолдануын сұрадық осы люктерді жабуын. Өйткені ертең қыс келе жатыр. Осы жерді қар басып, ертең мүлдем көрінбей қалуы мүмкін. Қауіпсіз қала - біздің ортақ мақсатымыз, міндетіміз ортақ.  

Ал теріскейде белсенділер коммуналды нысандар, тротуарлар мен халық көп жиналатын орындарда бақылау жүргізді. Рейд кезінде қала шағынаудандарының біріндегі жылу трассасының маңынан, бетон блоктардың астынан тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар анықталды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін партиялықтар бұл туралы дереу полицияға хабарлады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары әлгі жандарды қауіпсіз жерге жеткізген. 

ЖАДЫРА ЖОЛКЕНОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖҚ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұндай тексерістер бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Бұл негізі халықтың ұсынысы бойынша өткізіліп жатқан акция. Ашық жатқан құбырлар қақпағы кейін Төтенше  жағдайлар қызметкерлерімен жабылатын болады.