Ақтауда 17 жасар оқушының суицидке не себепті барғаны тексеріліп жатыр. Бұл оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлады полицейлер. Жасөспірім биік ғимараттан секіріп кеткен. Ата-анасы қыздың өліміне ұстазы мен сыныптастарын кінәлайды. Марқұмның құрбыларымен ара қатынасы жақсы болмаса керек. Мектептегі концертке қатысты келіспеушілік туындапты. Мадина ол жайында әлеуметтік желіде жазған көрінеді.
Наиля Нарымбаева, марқұм М.Нарымбаеваның анасы:
Қыздар оның 20 минут бойы әжетханада жылап отырғанын айтты. Содан соң бәрі бітті, мұндай сатқындыққа төзе алмаймын депті. Мұғалім баланы мұндай жағдайда жібермеу керек еді.
Анасының сөзінше, Мадинаның күйзеліс жағдайында болғанын сыныптасы білген. Оқушы қыз үйіндегілердің нөмірін қалдырып, «ата-анама оларды жақсы көретінімді» жеткіз депті. Қазір білім бөлімінде қызметтік тексеру жүріп жатыр.
Светлана Төлебаева, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы:
Мектеп бұрынғыша өз жұмысын жалғастырып отыр.
Осыған дейін ата-ана тарапынан, оқушы тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.