$447.14 €499.54 ₽5.46

Қостанайда «Әділет» партиясы «e-Мәслихат» цифрлық платформасын таныстырды

AstanaTV
09.11.2026ж. 19:00
Қостанайда «Әділет» партиясы «e-Мәслихат» цифрлық платформасын таныстырды

Қостанайда депутаттармен тікелей байланысуға мүмкіндік беретін «e-Мәслихат» цифрлық платформасы іске қосылды. Жоба азаматтарға өз мәселесінің шешілу жолын онлайн бақылауға жол ашады. Бұл туралы «Әділет» партиясының өкілдері арнайы презентация барысында мәлімдеді. Платформа мүмкіндіктері «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушиннің өңірлік активпен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Жиын барысында қатысушылар аграрлық сала мен өңір экономикасын дамыту бағыттарын пысықтады. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, құрылыс сапасын қадағалау, жол жөндеу, газификация және бюджет қаржысын тиімді жұмсау мәселелері де назардан тыс қалмады. 

ҚАНЫШ ТӨЛЕУШИН, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүгін Қостанай облысындағы кандидаттармен және партия активімен бас қостық. Кездесудің басты мақсаты - Мемлекет басшысының цифрландыру және цифрлық экономиканы құру жөніндегі Жолдауын талқылау. Бұл бағытта көптеген іс-шара мен бірлескен жоба қолға алынды. Сонымен қатар «Әділеттің» толықтай цифрлық партияға айналғанын көрсеткіміз келді. Деректер қорына негізделген әрі әріптестеріміздің жұмысын жылдам әрі тиімді етуге көмектесетін модульдер мен шешімдерімізді таныстырдық.