$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Жаңа туған сәбиді көліктен лақтырған әйелдің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілмек

AstanaTV
23.02.2016ж. 20:00
2176
Жаңа туған сәбиді көліктен лақтырған әйелдің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілмек

Жамбыл облысында жаңа туған шарананы көлік терезесінен лақтырып жіберген әйелдің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілмек. Ол үшін күдікті Алматыға жөнелтіледі. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері айтты.

53 жастағы әйел бір айдан бері облыстық жүйке аурулары диспансерінде тексеруден өткен. Сот-психиатриялық сараптамасы оның бойында күйзеліспен қатар, бірқатар ауытқушылықтар бар екенін көрсетті. Ал әйелдің ақыл-есі ауысқан ба, жоқ па, оған нақты көз жеткізу үшін, арнайы орталыққа жіберу керек деп шешім шығарылған.

Болат Мұстафаев, Жамбыл облыстық прокуратурасының 2-ші басқарма прокуроры:

Күдіктіге нақты диагнозын анықтау үшін, оған қатысты Алматының медициналық мекемелерінде стационарлық кешенді сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу ұсынылған болатын. Қазіргі таңда Байсеңгерееваның психикалық жай-күйін анықтамағандықтан, қылмыстық іс сотқа жолданған жоқ.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға «Тараз-Ақкөл-Саудакент» тас жолында 13 қаңтар күні болған еді. Талас ауданы Үшарал ауылының 10-шы сынып оқушысы қалаға өгей анасымен бара жатып, көлік ішінде босанып қалған. Оқушының анасы сәбиді көлік терезесінен лақтырып, салдарынан нәресте бақилық болды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ