Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан қор биржасы табысты жасырғаны үшін жазаланды

AstanaTV
12.04.2018ж. 20:00
2599
Қазақстан қор биржасы табысты жасырғаны үшін жазаланды

Қазақстан қор биржасы ақшаның ізін жасыру туралы заңды бұзғаны үшін жазаланды. Қор 14 миллион теңге айыппұл төлеген. Алматы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты 18 наурызда осындай шешім шығарған. Өйткені Ұлттық банк пен Қаржы министрілігінің қаржылық қадағалау комитетінің мамандары тексеріс кезінде кейбір сауда-саттық туралы мәліметтер жария болмағанын анықтаған. Қор биржасы әрбір жасалған қаржылық келісімшарттар туралы ақпараттар жедел жөнелтіліп отыруы керек. Бұл сауданың ашықтығы мен салықтық түсімдердің жариялылығын қамтамасыз етеді. Ал қор мамандары ақпарат техниканың кесірінен кеш жеткенін айтады.

Наталья Хорошевская, Қазақстан қор биржасы төрайымының орынбасары:

Біздің кемшлігіміз - қор биржасының алаңында сауда келісімшарттарын жасаған банктер мен брокерлер туралы ақпаратты өкілетті органдарға дер кезінде жібермедік. Бұл ақпараттарды өңдеп жөнелту үшін автоматтандырылған жүйе үлгере алмады. Себебі атқарылған жұмыстың ауқымы үлкен, ал уақыт тым тығыз. Сол себепті осындай кешігулер болып тұрады.