Студенттер оқу ақысын төлеу және пәтер жалдау үшін түрлі жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселен, Алматы қаласының өзінде жатақханаға 5 мыңнан астам орын тапшылығы әлі де бар. Бұл мәселені алдағы бір-екі жылда шешу жоспарлануда деді министр Саясат Нұрбек. Сондай-ақ гранттар саны көбейіп, стипендия мөлшері де артады. Соңғы алты-жеті жылда Қазақстанда 281 студенттік жатақхана пайдалануға беріліп, студенттерге 72 мыңнан астам орын ұсынылыпты.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Жалпы алғанда, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шештік деп айтуға болады. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 5 мыңнан астам орын тапшылығы сақталып отыр. Алдағы бір-екі жылда бұл қажеттілікті де толық өтеуді жоспарлап отырмыз.