$444.76 €495.37 ₽5.37

Қарқаралы заманауи курорттық аймаққа айналмақ

AstanaTV
12.11.2026ж. 19:00
Қарқаралы заманауи курорттық аймаққа айналмақ

Қарқаралы заманауи курорттық аймаққа айналмақ. Ауданда туризм саласын дамыту бойынша ірі жобалар қолға алынуда. Кәсіпкерлерге жер беру арқылы әсем табиғат аясында қонақ үйлер бой көтеріп, этноауыл салынып туристерді тарту жоспарланған. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркінің инфрақұрылымын дамытып, туризмді одан әрі өркендету мақсатында қысқа мерзімді пайдалануға 14 жер телімі берілмек. Қазірдің өзінде экотуризм нысандарын орналастыру үшін инвесторларға төрт жер телімі 25 жылға пайдалануға берілді. Соның бірін жеке кәсіпкер Дархан Искаков іске асырады. 1 гектар аумақтағы жобаға 500 миллион теңге қаражат құйып, 5 жыл ішінде 75 адамдық 15 үй салады. 15 адамға жұмыс орны ашылады.

ДАРХАН ИСКАКОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

“Инфрақұрылым керек. Су, свет дегендей. Қарқаралы жолын жасап қойды ғой. Қарағандыдан 2,5 сағатта осында жетесіз. Жол жақсы. Туристер жазда ағылып келеді көп. Тіпті, жатар орын таппай жатады. Мен осы демалыс алаңын 5 жыл ішінде салып, іске қосуда жоспарлаудамын”. 

Қарқаралы өңірінің тағы бір маңызды артықшылығы - мұнда туризмді жыл он екі ай дамытуға мүмкіндік бар. Әсіресе, тау шаңғысына келушілер саны артуда.  Мысалға, Almaty SuperSki – тау туризмінің мүмкіндігін кеңейтуді көздейтін ірі жоба қолға алынды. Кластер құрамына бірнеше тау курорты еніп, олардың арасында аспалы жолдар арқылы қатынас орнату жоспарланған. Жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық тау шаңғысы трассасы салынбақ. Қарқаралы ауданы осы бағытта қарқынды дамуда. Аудан жастары үшін шаңғы үйірмесі де ашылған. Спорттық жарыстарға мыңдаған адам келеді. 

ДУМАН БЕЙСЕНАЕВ, «QARQARАLY BUGULY TRAIL» МАРАФОНЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ :

“Шаңғы базамыз бар қаншама туристер келеді. Конкиіміз бар. тау вело жарыс бар. 2021 жылы шаңғы марафоны өтті. 2022 жылы Бұғылы травел өтті. Марафон экстрималды тауда жүгіру жарысы бар. шаңғы марафоны бірінші жылы Қазақстан құрамасы келді шаңғышылар ұлттық құраманы. Келіп, орман-тоғайды көріп, шаңғы трассасын көріп жоғары бағасын беріп кетті”.