$443.62 €492.24 ₽5.36

"Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз" - Президент

"Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз" - Президент

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерге барған кез келген адам Конституцияға сай қатаң жазаланады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура түрлі деңгейдегі басшылардың құқық бұзушылығын әшкерлеп, жедел тексеру жүргізеді.  «Өзіміздікі», «Өзіміздікі емес» немесе «бөтен» деп бөлуге жол жоқ. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында осындай мәлімдеме жасады. Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны - жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай деп бағалады.Соңғы 3 жылда елімізде  3168 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Оның 2165-ін мемлекеттік қызметшілер жасаған. Қалғаны квазимемлекеттік секторда анықталды.  Жалпы сома 248 млрд теңгеден асады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы саладағы түйіткілді мәселелер мен қабылданған шешімдер қоғамға ашық айтылатынын жеткізді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осы оқиғаның өзі жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы, яғни, басты дерті екенін айқын көрсетіп отыр. Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы органдар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін. 

Ашкөз жемқорлар  "Халықтық құрылыс" бағдарламасына да зиянын тигізуді жоспарлайтыны анық. Президент ондайларды қас жауымыз деп атап, қара ниеттілердің жоспары орындалмайтынын кесіп айтты. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды салу  - мүлтіксіз орындалуы тиіс. Мемлекеттік комиссия әр тиынды қатаң қадағалайды.