$444.3 €490.91 ₽5.41

АҚШ соты Трампқа гольф алаңын салуға рұқсат бермеді

АҚШ соты Трампқа гольф алаңын салуға рұқсат бермеді
Фото: BILD

АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да сотта жеңіліс тапты

Ол Вашингтондағы қоғамдық гольф алаңын қайта жаңғыртуды жоспарлағанымен, сот бұл бастамаға тосқауыл қойды. Федералдық судья Ана Рейес Ист-Потомак тарихи саябағын әзірге жабуға болмайтыны туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Astana TV. 

Осылайша, судья қоршаған ортаны қорғаушылардың шағымын қанағаттандырды. Трамп саябақ аумағындағы гольф алаңында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін оны уақытша жабуды көздеген. Алайда сот мұндай шешім шағымданушылардың құқығына «орны толмас зиян келтіруі мүмкін» екенін атап өтті. Өйткені олар саябақты тұрақты түрде демалыс орны ретінде пайдаланады.

Бұл – аталған іске қатысты Трамптың екінші рет соттан жеңілуі. Қазан айының соңында Ана Рейес саябақ аумағындағы ағаштарды одан әрі кесуге де тыйым салған болатын.

Гольф ойнауды ұнататын әрі бірнеше гольф кешенінің иесі саналатын Трамп бұған дейін алаңды жаңғырту жұмыстары қараша айында басталатынын мәлімдеген. Алайда сот шешімінен кейін әзірге бұл жоспар жүзеге аспайтын болды, деп жазады BILD басылымы.