$444.3 €490.91 ₽5.41

Алтын кеніші опырылып, екі адам қаза тапты

Алтын кеніші опырылып, екі адам қаза тапты
Фото: ЖИ

Апаттан тағы 6 адам жарақат алды

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясының Арғанжхва ауданында алтын кеніші опырылып, салдарынан екі адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды, деп Astana TV тілшісі Xinhua ақпаратына сүйеніп хабарлайды. 

Өңірлік полиция департаментінің өкілі Эхсанулла Камгардың мәлімдеуінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арнайы тікұшақпен провинцияның орталығы — Файзабад қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кезінде кеншілер жергілікті алтын шахтасында жұмыс істеп жатқан болатын.