Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті қаза тапты. Студенттің өліміне қатысты күдікті ұсталған. Оқу орнының әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетіп жатқанын хабарлады. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.