$444.3 €490.91 ₽5.41

Белгісіз ауруға шалдыққан қазақстандық стюардесса Кувейтте ауыр халде жатыр

AstanaTV
16.11.2026ж. 19:00
Белгісіз ауруға шалдыққан қазақстандық стюардесса Кувейтте ауыр халде жатыр

Непалдан ұшып келген қазақстандық стюардесса белгісіз дертке шалдығып, ауыр халге түскен.  Ол қазір Кувейттегі ауруханада жатыр. Оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазба жариялаған Қайрат Бермұханов есімді қолданушының мәліметінше, 25 жастағы бортсерік жақындарын танымай қалған. Оның сөзінше, рейстен кейін бұл қыздан басқа да экипаж мүшелерінің денсаулығы сыр берген. Олардың дене қызуы көтеріліп, басы ауырған. Әуелде жағдайы жақсарған стюардесса 2 күннен соң ауруханадан шыққан. Алайда ауруы қайта меңдеген отандасымызға Қазақстан дипломаттары ем алуға жәрдемдесіп, ауруханаға қайта жатқызды. Аурудың нақты себебі әзірге белгісіз. 

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Қазақстандық дипломаттар азаматшаның туыстарымен және емдеуші медициналық мамандармен тұрақты байланыста. Тиісті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Бұл жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында.