$444.3 €490.91 ₽5.41

Министр орманға 17 млн еуроны көміп тастаған

AstanaTV
16.11.2026ж. 19:00
Министр орманға 17 млн еуроны көміп тастаған

Министр орманға 17 млн еуроны көміп тастаған. Мажарстанның бұрынғы Ұлттық даму министрі Миклош Шестакқа  қатысты тергеу амалдары кезінде орманнан түрлі валютадағы ірі сома табылған.  Жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының мәліметінше, күдікті қолма-қол ақшаны ауылшаруашылық құрылыстарына, қойма үйлері мен тұрғын үйіне тыққан. Қаржының тағы бір бөлігі  жасырын сейфтен табылған. Мажарстан қазынашылығының он екі қызметкері қомақты ақшаны бес есептеу машинасының көмегімен сегіз сағат бойы санаған. Экс-министрге шамамен 34 миллион еуро пара алды деген айып тағылған.  Ол қыркүйек айының соңынан бері қамауда отыр.