Атыраудағы жалғыз облыстық аурухананың күрделі жөндеу жұмысы аяқталар емес. Салдарынан науқастар медициналық қызметті әр жерден алуға мәжбүр. Олар аурухана арасында сабылып шаршадық дейді. 2024 жылы басталған жөндеу, былтыр аяқталуы тиіс болған. Алайда жобалық сметалық құжаттарға өзгеріс енгізілу үшін биыл тамызға дейін шегерілген. Мердігер мекеме өкілдері де, аурухана басшылығы да қазір нақты қашан пайдалануға берілетінін енді кесіп айта алмай отыр.
Айтуған Жәлелова облыстық аурухананың бір бөлігі қала сыртына көшкелі қатынау қиын болды дейді. 80-ге таяған кейуана жиенінің жағдайын білуге келген.
АЙТУҒАН ЖӘЛЕЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қаланың ішінде. Болғанда автобуспен бара қоясың ғой. Қазір амалымыз жоқ. жүреміз ғой осылай.
АСЫЛБЕК ТҰРСЫНБАЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Облыстық аурухана неше жыл болды тұрғанына. Қарапайым айтқанда қызметкерлерінің өзіне барып келу қиын деп айтады. Сосын алыс. Қаланың сырты . Өте алыс. +Кт жоқ дейді. Мына жаққа жібереді.
Көпсалалы аурухананың бір бөлігі пандемия кезінде салынған мобильді ауруханаға көшірілген. Қала сыртындағы ғимаратқа қоғамдық көлік те сирек қатынайды. Қалған бөлігі аурухананың ескі ғимаратында.
СӘУЛЕ ӘЛИСҰЛТАНОВА, ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біз ауданнан келеміз ғой. Осы тұрғанда Индерден келіп тұрмын.. Туу арт жағымен оралып келе жатырмын. Мен аяғым ауырғасын мен үшін тіпті. Ана балам әлі күтіп тұр. Белгілі жүйе жоқ. арт жаққа жұмсады бірден.
Тұрғындар жайлы аурухананы асыға күткенімен, қазір құрылыс өте баяу жүріп жатыр. Себебі жоба бір рет мемлекеттік сараптамадан теріс қорытыныды алып, түзетулерден соң екінші рет жолданған. Оның нәтиже қарашаның аяғында шығады. Жобаның әу баста құны- 3 млрд 600 млн теңге. Түзетуден соң екі есеге дейін қымбататуы мүмкін. Өйткені алғашқы жобада медициналық мекемелерге қойылатын талаптар ескерілмеген.Енді қайта сараптама жасалып жатыр.
ЕРБОЛ ИМАНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Операционныйлардың ішінде кафель қазір біздер оның ішінде антибактериальный панелдерге ауысытырып жатырмыз. Оның ішінде вентеляциясын ламинарный паток жасайын деп жатырмыз.
Құрылысшылар сараптама оң қорытынды берсе, жұмысты жандандырамыз,- дейді.
БАТЫРБЕК ҚОЙШАНОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ:
Ішкі жұмыстарын тоқтатып тұрмыз. Қазіргі таңда пандус пен фасад жұмыстараны жүргізіп жатырмыз. Мемелкеттік қорытынды болмағанмен, басшылықтардың рұқсатымен тоқтаптауға, өзіміздің ақшамызға жүргізіп жатырмыз.
Бастапқыда күрделі жөндеу деп берілгенімен 60 жылға жуықтаған тарихы бар ғимарат толықтай қайта жаңғыртуды талап етеді. Қазір кейбір бөлімшелер қаланың сыртындағы ғимаратта орналасқандықтан ақ халаттылар жұмысы қиындап кеткен. Сондықтан дәрігерлер де, облыс тұрғындары да құрылыстың тезірек бітуін сұрап отыр.