$443.96 €487.73 ₽5.38

Мемлекет басшысы Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

18.11.2026ж. 12:21
Мемлекет басшысы Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичсті ұлттық мерекесі – Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  

 Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі, – делінген хабарламада.