$443.96 €487.73 ₽5.38

Мектепте қайғылы жағдай болды: оқушы үшінші қабаттан құлап, көз жұмды

18.11.2026ж. 13:31
Мектепте қайғылы жағдай болды: оқушы үшінші қабаттан құлап, көз жұмды
фото: pixabay

Қайғылы жағдай Алматы облысы Қонаев қаласындағы мектепте болды, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы сабақ басталар алдында үшінші қабаттағы баспалдақ таянышымен сырғанап келе жатып, тепе-теңдігін жоғалтып алған. Содан екінші қабаттың алаңына құлап түскен көрінеді.

Бала басынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. 

Дәрігерлер оқушының өмірін сақтап қалу үшін операция жасағанымен, ол көз жұмды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.