Алматыда бірнеше жылдан бері пәтерлерін өз атына рәсімдей алмай жүрген үлескерлердің мәселесі шешіле бастады. Екі аптада 14 пәтер кепіл ауыртпалығынан босатылды. Құрылыс компаниясының «Проблемалық кредиттер қоры» алдындағы берешегі себебінен тұрғындар жаңа баспаналарын заңдастыра алмаған. Қазір компанияның жаңа басшылығы Қормен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені кезең-кезеңімен шешуге кіріскен. Тағы 134 пәтерді өз иесіне рәсімдемек.
ВИКТОРИЯ КРАВЧЕНКО - ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Қазір құжаттарды қалпына келтіріліп, келіп түскен төлемдер салыстырылып тексерілуде, пәтерлерді ресімдеуге қатысты мәселелерді реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған қарамастан, екі апта ішінде 14 пәтерді кепіл ауыртпалығынан толық босатуға қол жеткіздік.
ТЕМІРЛАН САПАРҒАЛИ - «ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕР ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Пәтер сатып алушылардан түскен 97,5 миллион теңгені компанияның қарызын өтеуге жұмсаймыз деп шештік. Қор тұрғындардың мәселесін шешу үшін өзіне қаржылық шығын келтіретін шешімдерге де баруды қарастырып жатыр. 14 пәтерден бөлек, тағы бесеуін кепіл ауыртпалығынан босату жұмыстары аяқталуға жақын.